Мбаппе футбол клубын сатып алмақ

Килиан Мбаппе Еуропадағы ең жас клуб иелерінің бірі болмақ.

Мбаппе футбол клубын сатып алмақ
сурет: Andrea Comas/Copyright 2024 The AP
325

«Реал» жұлдызы Килиан Мбаппе футбол клубын сатып алу туралы келісімге қол қойды. 

Килиан Мбаппе Еуропадағы ең жас клуб иелерінің бірі болмақ. Ол Лига 2-дегі «Кан» клубының бақылау пакетін 20 миллион еуроға сатып алды.

Le Parisien басылымының мәліметінше, 25 жастағы футболшы Францияның SM Caen клубының акцияларының басым бөлігін шамамен 20 миллион еуроға сатып алмақшы. Ал бақылау кеңесінің төрағасы Пьер-Антен Каптон клуб капиталының қалған 5 миллион еуроға бағаланған бөлігін иеленеді.

Газет сонымен қатар, тараптар арасындағы келіссөздер бірнеше аптадан бері жүргізіліп жатқанын және жақын арада аяқталуы тиіс екенін хабарлады.

Бұл келісім «Реал» жұлдызының Францияның екінші дивизионында өткен маусымды алтыншы орынмен аяқтаған клубтың акцияларының 80%-ын иеленгенін білдіреді. Ол бұған дейінгі негізгі акционер – америкалық Oaktree инвестициялық қорын алмастырады.

Серіктес жаңалықтары