410
«Бұл – масқара» – Аргентина қақпашысы Олимпиададағы жанжал туралы
Парижде басталған Олимпиада ойындарында жанжал туындады.
Аргентина құрамасының қақпашысы Херонимо Рульи бүгін Парижде басталған Олимпиада турнирі аясында Мароккоға қарсы ойыннан соң пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kzProsports.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл – масқара. Бізді алдап соққан секілді сезініп тұрмын»,– дейді ол.
Еске сала кетейік, кездесудің 106-минутында аргентиналықтар есепті теңестірген болатын, алайда марокколық жанкүйерлер төбелес шығарып, ақырында төрешілер командаларды стадион ішіне алып кірді.
Екі сағаттан соң ойын жалғасты. Алайда төреші VAR жүйесін қарағаннан соң аргентиналықтардың салған голын есепке алмай қойды. Ақырында Аргентина құрамасы 1:2 есебімен марокколықтардан жеңіліп қалды.