Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашпақ

Жаңа клуб Almaty United деп аталады

Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашпақ
Фото: instagram.com/kairat4 Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139199-qairat-boranbaev-almatyda-tagy-bir-futbol-klubyn-ashpaq/
504

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев тағы бір жеке меншік футбол клубын ашпақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа клуб Almaty United деп аталады әрі ол 2025 жылғы маусымды QFL Екінші лигасынан бастамақ.

Аталған клубты құруға басты себеп – Боранбаев басқаратын «Қайрат» футбол академиясының түлектерін ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету.  

Almaty United командасы өз алаңында өтетін ойындарын «Қайрат» академиясына тиесілі алаңдардың бірінде өткізбек.

Серіктес жаңалықтары