Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады.
Қайғылы оқиға 19 шілде күні Ақкөл ауданында болған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды.