Қарағанды зауытындағы апат: 5 адамның жағдайы өте ауыр

Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланды

Қарағанды зауытындағы апат: 5 адамның жағдайы өте ауыр
istockphoto.com
876

Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытының пешінен өрт шығып, соның салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шекті.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиға бүгін, 20 шілде күні таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында оқыстан болып отыр. 

Зауыттағы №1 пештен жалын кенеттен шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған. «YDD Corporation» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда барлық зардап шеккен цех жұмысшылары ауруханаға жатқызылған. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Зардап шеккендердің алтауы реанимация және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланды.

Бұған дейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында 8 адам зардап шеккені туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары