«Күйеуіме адал болып баруым керек»: Гүлмира Ізбасхан тәрбиесі туралы айтты

/
«Күйеуіме адал болып баруым керек»: Гүлмира Ізбасхан тәрбиесі туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Әнші Гүлмира Ізбасхан ана болуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жеке өмірі туралы сөз қозғап, қазіргі уақытта кездесіп жүрген жігіті жоқ екенін жеткізді. Алайда ана болу мәселесін кейінге қалдырғысы келмейтінін айтты.

«Ана болу жайлы ойлап жүрмін. Қазір жүріп жатқан жігітім жоқ. Бірақ маған туу керек. Сүйектерің қата бастайды. Мен биыл немесе келесі жылға дейін тұрмысқа шықпасам, ЭКО-мен болсын бала тууым керек», – деді әнші.

Сондай-ақ Гүлмира Ізбасхан осы уақытқа дейін ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмағанын ашық айтты.

Әншінің сөзінше, оған мұндай тәрбие отбасынан берілген. Ол қыз бала болашақ жарына адал болып баруы керек деген ұстаныммен өскенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары