Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті

Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр.

Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті
сурет: abai.kz
1336

Баян Мақсатқызы бір жобада бой көрсетіп жатқан актер Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваны үлгі етті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр. Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі. 

“Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Недеген идеалды қарым-қатынас?! Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі. Әлі де үлес қоспақ”, – деп күлді Баян Мақсатқызы. 

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева да өзі сомдайтын образ жайлы айтып берді. 

“Менің образым – Қарлығаш Капенова. Әкімшіліктің идеология бөлімінде жұмыс істейді. Өзіме де қызық болып тұр. Режиссері – Асылжан Сәбитұлы. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді актриса. 

Серіктес жаңалықтары