Ақмола облысында қазақ халқына тіл тигізген тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Желіде қазақ ұлтына қатысты жағымсыз сөздер айтып, балағаттаған ер амданың бейнежазбасы тараған болатын.

Ақмола облысында қазақ халқына тіл тигізген тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
Polisia.kz
789

Ақмола облысында қазақтарға тіл тигізген тұрғынға қатысты іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде қазақ ұлтына қатысты жағымсыз сөздер айтып, балағаттаған ер амданың бейнежазбасы тараған болатын. Осыған қатысты облыстық полиция департаменті мас күйде ұлттық ар-намысты қорлаған Ақмола облысының тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, балағат сөздер бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Іс материалдары қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін сотқа жолданды, – делінген полиция хабарламасында.

 

 

Серіктес жаңалықтары