Танымал блогер автобус жүргізушісімен төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Видеодадағы танымал блогер Владимир Пекарский екені белгілі болды.

Танымал блогер автобус жүргізушісімен төбелесіп қалды (ВИДЕО)
скриншот
530

Петропавлда қаладағы танымал блогер мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды.

Петропавлдық тұрғыны Instagram-дағы парақшасында төбелестің видеосын жариялады. Оның айтуынша, жанжал жолаушының жол жүру ақысының түбіртегін көрсетпей автобустан түсуінен басталған.

 «Біздің бір «жұлдызымыз» Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ережесін білмейтін шығар... Мен айтайын. Алдын ала алдыңғы есікке барып, кондуктор болмаған кезде жүргізушіге төлемді көрсету керек (ережелер автобуста жазылған, бірақ Владимирге жазылмаған сияқты). Бар процедура осы.

 Бірақ Владимир адамдар кіретін есіктің алдында тұрды, ал жүргізуші алдыңғы есіктің жанында ешкім болмағандықтан аялдамадан өтіп кетті. «Қаһарман» көңілі толмаған күйде ол «Тоқтау керек емес пе? Мен осы жерден шығамын» деп айқайлады. Жүргізуші оған сабырмен жауап беріп, жүре берді. Келесі аялдамада адамдар түсіп жатқанда Владимир төлемді көрсетпей ортаңғы есіктен секіріп кетті», - деп жазды бойжеткен.

Оның айтуынша, кейін жүргізуші автобустан түсіп, жас жігітті тоқтатпақ болған. Артынша төбелеске ұласқан. Видеодадағы танымал блогер Владимир Пекарский екені белгілі болды.

Бұл жағдайға Солтүстік Қазақстан полиция департаменті де түсініктеме берді.

«12 шілдеде Петропавл қалалық полиция басқармасына жолаушылар автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесінде жолаушымен жанжал туындағаны туралы хабарлаған. Тәртіп бұзушының жеке басы анықталды. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары