695
Неміс футболшысы қазақстандық клуб қатарын толықтырмақ
Талдықорғандық «Жетісу» клубы Германияда туып-өскен аяқ доп шеберімен келісімшарт жасаспақ.
Талдықорғандық «Жетісу» клубы 31 жастағы жартылай қорғаушы Майк Карвотпен келісімшарт жасаспақ, деп хабарлайды turkystan.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Германияда туып-өскен Карвот Бундеслигада «Ганновер 96» жастар командасының сапында доп тепкен. Алайда негізгі құрамға іліге алмаған соң, Грекияның екінші дивизионында ойнайтын «Фостирас» клубында доп тепкен. Онда туындаған қаржылай қиындықтан соң Германияға оралып, онда төртінші дивизион клубтарында ойнаған.
«Жетісу» сапын толықтырмас алдын ол Польшаның Екінші лигасында ойнайтын «Погонь Седльце» клубында өнер көрсеткен. Ол өз мансабында 290 кездесуге қатысып, 16 доп теуіп, 21 нәтижелі пас берген.