Биыл ҰБТ-да ереже бұзған 628 талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бойынша қорытынды мәліметпен таныстырды

Биыл ҰБТ-да ереже бұзған 628 талапкердің нәтижесі жойылды
istockphoto.com
480

ҰБТ басталғаннан бері 181 мыңнан астам талапкер тест тапсырды, деп жазады turkystan.kz.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бойынша қорытынды мәліметпен таныстырды.

Оның ішінде:

Талапкерлердің 75,1% - ы қазақ тілінде, 24,8% - ы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті;

  • шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады;
  • орташа балл – 68 балл;
  • 641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;
  • ең жоғары балл – 140.

Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары