«Арасында зейнеткер бар»: Ақмола облысында зиратқа барған тұрғындар жоғалып кеткен

Адасып кеткен ауыл тұрғындарын жергілікті тәртіп сақшылары іздеп тапты.

«Арасында зейнеткер бар»: Ақмола облысында зиратқа барған тұрғындар жоғалып кеткен
instagram/stepnogorsk_pb
619

Степногорск қаласының полиция басқармасына жақын маңдағы ауыл тұрғыны 6 шілдеде таңғы сағат 10.30 шамасында туыстарының жоғалып кеткенін жеткізді. 5 адамнан тұратын топ Аudi автокөлігімен Қараоқты ауылына қарай зиратқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған.

Степногорск қаласы ПБ Бестөбе кенті полиция бөлімінің қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

Бізді қатты алаңдатқаны – бұл топта зейнеткер болды. Ол жасына байланысты мұндай сапарды көтере алмауы мүмкін еді, – деп бөлісті Бестөбе кенті полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Сұлтанғазиев.

Полиция Степногорск қаласынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен жүргізушіні тапты. Жаңбырдан кейін оның көлігі батпаққа кептеліп, сынып қалған, өзі әлсіреген. Жүргізуші қалаға жаяу бармақ болған, бірақ адасып кеткен. Далада бір тәулікке жуық уақыт өткізіп шаршаған ауыл тұрғыны бірден шамамен 2 литр су ішкен.

Нәтижесінде ауыл тұрғындары Изобильное ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Жоғалғандарды полицейлер тамақтандырып, қажетті көмек көрсетті. Олардың барлығы дін аман және ешқандай жарақат алмаған.

Серіктес жаңалықтары