Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Бүгін ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп, қайтып орала алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ еске салады:
- құтқару кеудешесін киіңіз;
- жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.