503
«Қатты қорқатынмын»: Дәурен Серғазин фобиямен күресуге болатынын көрсетті (ВИДЕО)
Актер әлеуметтік желіде суда жүзіп жүрген видеосын жариялады.
Танымал актер Дәурен Серғазин оқырмандарына үрейден қалай арылуға болатынын айтты, деп жазды turkystan.kz.
"Бала кезде терең судан қатты қорқатынмын. Су тілсіз жау. “Лучшая защита это - атака” деген қағидамен, Астанаға алғаш көшіп барғанда, басейнге жазылып, көзіме очкиді киіп, судың астына түсіп, судың астынан елдер қалай жүзеді, қалай тыныс алатынын, көріп, зерттеп, өзім үйреніп, сумен достасып, қазір Су менің көрісуге асығатын Таудан кейінгі екінші досым", - деп жазды актер.