Наполеон Бонапарт өзін-өзі өлтірмек болған тапанша аукционда қыруар ақшаға сатылды

Наполеон бұл тапаншаларды 1814 жылдың 12 сәуірінде, әскері жеңілгеннен кейін өзін-өзі өлтіру үшін пайдаланбақшы болған.

Наполеон Бонапарт өзін-өзі өлтірмек болған тапанша аукционда қыруар ақшаға сатылды
сурет: Michel Bury/Osenat
359

Француз императоры Наполеон Бонапартқа тиесілі екі тапанша аукционда €1,69 миллионға сатылды

Тапаншалар Наполеонның өзі өзін-өзі өлтірмек болған қаруы ретінде танымал. Олар Францияның мәдениет министрлігі тарапынан ұлттық мұра ретінде тіркелген және экспорттауға тыйым салынған. 

Аукцион Париж маңындағы Фонтенбло қаласындағы Osenat аукцион үйінде өткен. Тапаншалар бастапқыда €1,2 миллионнан €1,5 миллионға дейін бағаланған болатын.

Наполеон бұл тапаншаларды 1814 жылдың 12 сәуірінде, әскері жеңілгеннен кейін өзін-өзі өлтіру үшін пайдаланбақшы болған. Алайда оның бас сквайры Арманд де Коленкур тапаншалардан оқ-дәріні алып тастағандықтан, Наполеон у қолдануға тырысты. Ол тірі қалды, тақтан бас тартты және Эльба аралына жер аударылды.

Наполеон тапаншаларды Коленкурға сыйға берген, ал ол өз кезегінде оларды ұрпақтарына мұра етіп қалдырған.

"Император осы екі тапанша мен қылышты Коленкурға қиын-қыстау күндердегі адалдығы үшін естелік ретінде ұсынды. Олар содан бері оның отбасында сақталып келді, енді сатуға шешім қабылдады," - деп мәлімдеді сарапшы Жан-Пьер Осенат.

Серіктес жаңалықтары