Еркін күрес балуаны Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған ресми хатында белгілі болды.

Еркін күрес балуаны Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды
Мейрамбек Қартбай. Фото: Olympic.kz
574

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды, деп жазады Olympic.kz. 

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды. 

Еске салсақ, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын. 

Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

Айта кетейік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатысқан жоқ. 

Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі. 

Серіктес жаңалықтары