Ресейлік балуандар Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты

Ресейлік балуандардың лицензиялары өзге елдің балуандарына үлестірілетін болды.

Ресейлік балуандар Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты
istockphoto.com
992

Ресей күрес федерациясы Париждегі Олимпиадаға балуандарын қатыстырмайтын болды.  

Олимпиада комитеті ресейлік төрт балуанға ғана Париж кілемінде өнер көрсетуге мүмкіндік берген еді. Бірақ Ресей күрес федерациясы олимпиада ойындарына шақыру алған спортшылармен кеңейтілген жиналыс өткізіп, олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылдаған.

Осылайша ресейлік балуандардың лицензиялары өзге елдің балуандарына үлестіріледі.

Айта кетсек, бұған дейін Ресейдің дзюдо құрамасы да Париждегі ойындарда өнер көрсетуден бас тартқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары