Желіде Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрын жазған хаттары жарияланды

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасының өзіне және қызы Мерейге жазған хаттарын ел назарына ұсынды.

Желіде Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрын жазған хаттары жарияланды
Сурет: https://politico.kz

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің екі мыңыншы жылдардың басында өз қолымен жазған хаттарын жариялады, деп жазды turkystan.kz.

«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей! Ең алғашқы жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар — мамаң Мақпал, папаң Заманбек. 31.12.2002 – 1.01.2003 жылға», — деп жазылған хатта.

Ал тағы бір хатты саясаткер жұбайына арнаған.

«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді, сүйікті қызым — Мерейдің ең сұлу да, ең көркем мамасы — Жануля! Періште тәрізді нәзік мінезді тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік! Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын, құдай қосқан жарыңыз! 31.12.2002/01.01.2003», — делінген қолмен жазылған жазбада.