Астана – өте таза әрі көрікті қала – Әзербайжан журналисі

Астана – өте таза әрі көрікті қала – Әзербайжан журналисі
www.istockphoto.com
949

Әзербайжандық Хазар ТВ арнасының журналисі Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің маңызын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz Informburo.kz-ке сілтемсе жасап.

«Мен Қазақстанға екінші рет келуім. 15 жыл бұрын бірінші рет келген едім. Астана – өте таза әрі көрікті қала. Мұнда саяси шешімдер қабылданады. Мен журналист ретінде жаңалықтардан қарап отырамын. Қазақстан Орталық Азияда маңызды рөл ойнайды. Бір жағынан Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы бар. Қазақстанмен көршілес жатқан мығым елдер бар. Тиісінше сіздерге де экономика мен инфрақұрылымды дамытып, нығая түсу керек. Бұл – жақсы. Әр ел мығым болуға тырысуға тиіс. Мен мұнда жүргізіліп жатқан жұмысқа жақсы баға беремін. Қазақстанның биыл ШЫҰ-ға төрағалық етуінің маңызы зор», – дейді журналист.

Серіктес жаңалықтары