eGov mobile қосымшасында тағы жаңа қызмет іске қосылды

Енді қазақстандықтар еңбек шартына онлайн түрде қол қоя алады.

eGov mobile қосымшасында тағы жаңа қызмет іске қосылды
gov.kz
360

Едімізде eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды. Енді қазақстандықтар еңбек шартына онлайн түрде қол қоя алады. 

Қомпания мәліметінше, жаңа сервисті пайдаланушылар, ұйымдардың жаңа жұмыскерлері eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы сынап көре алады. Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфондардан да қол қоя алады.

«Жұмыс беруші enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмыскерге келісуге жолдайды. Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмыскер өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, Push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмыскер еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Жүйе enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды», - делінген хабарламада. Жүйе қол қойылған электрондық еңбек шартын

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.

Серіктес жаңалықтары