Футзалдан жасөспірімдер арасындағы ЕУРО-2025 Қазақстанда өтуі мүмкін

Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару Комитетінің отырысында қабылданады.

Футзалдан жасөспірімдер арасындағы ЕУРО-2025 Қазақстанда өтуі мүмкін
Сурет: www.istockphoto.com
527

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығымен бірлесіп 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтініш берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару Комитетінің отырысында қабылданады. Өтініш қабылданған жағдайда турнир Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы болады.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары