Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға берілді

KazСhess президенті Тимур Турлов Қазыбекке су жаңа электрокарды сыйлады.

Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға берілді
Қазақстан шахмат федерациясы
578

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды. Біріншіліктің жабылу салтанатында шахматтан 20 жасқа дейінгі жаңа әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке ерекше құрмет көрсетілді.

KazСhess президенті Тимур Турлов чемпионға электокар кілтін табыстап, қазақстандық шахматтың даму тарихындағы жаңа бетті ашқан үлкен жеңісімен құттықтады. 

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыстың чемпионы атанды. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501 ұпай. Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін Қазыбек Нөгербек әлем кубогына жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары