«Үш саусағынан айырылды»: Есік қаласынд баланың қолы ет тартқышқа қыстырылып қалған (ФОТО)
Жасөспірім анасына етті еттартқыштан өткізуге көмектескен. Бірде электронды еттартқыш баланың қолын тартып әкеткен.
Қолы электронды еттартқышта қыстырылып қалған 12 жастағы жасөспірім Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды.
Жасөспірім анасына етті еттартқыштан өткізуге көмектескен. Бірде электронды еттартқыш баланың қолын тартып әкеткен. Науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйі жеткізілді.
«Бала ет тартып отырғанда қолында матадан тігілген қолғап болған. Сөйтіп электронды еттартқыш матаны орап әкеткенде, баланың саусақтары да бірге кеткен. Бала жедел жәрдем бөліміне жеткізіліп, хирургтар мен травматолог мамандар науқасты ота жасауға алып кетті. Ота кезінде баланың қолы еттартқыштан босатылды», – деді Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Диана Сүлейманова.
Операцияға Есік қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирург-травматолог дәрігерлер бригадасы жұмылдырылды. Нәтижесінде дәрігерлер баланың қолы мен екі саусағын аман алып қалды.
«Бес саусақтың екеуі – бас бармақ пен кішкентай саусақты аман алып қалдық. Өкінішке қарай, үш саусақты сақтап қала алмадық. Саусақтар еттартқыштың ішінде түгелдей жаншылып, жұлынып қалды. Бала шокта болды. Бірақ есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатты. Шокты басып, саусақтарды кесіп тастадық. Саусақтар әлі күнге дейін сезімтал және қозғалыс белсенділігі бар», – дейді дәрігер.
Бала үйіне жіберілді. Енді ол қалпына келу үшін ұзақ уақыт бойы оңалту мен ем-шаралар жасау керек.
«Ата-аналарға балалардың мұндай құрылғыларда, әсіресе өндірістік мақсаттағы жұмыстыешбір жағдайда сеніп тапсыруға болмайтынын айтқым келеді. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек, ал балаларға тіпті мұқият болған жөн», – дейді дәрігер.