519
Ақтауда бір топ жасөспірім қатарласын өлімші етіп сабаған (ВИДЕО)
Аталмыш жағдай14 маусым күні 16 шағын ауданда сағат 21:40-та болғаны белгілі болды.
Әлеуметтік желіде бір топ баланың қатарласын өлімші етіп сабаған бейнежазба тарады.
Аталмыш жағдай14 маусым күні 16 шағын ауданда сағат 21:40-та болғаны белгілі болды. Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы «Цензура112-Ақтау» парақшасында жарияланды.
Бейнежазбадан жасөспірімнің екінші баланы жүгіріп келіп аяусыз ұрған сәтін көруге болады. Оған тағы екеуі қосылып, жасөспірімді тепкінің астына алды. Видеода қатарластарынан зәбір көрген баланың жан даусы шығып жатыр. Балалар арасындағы жанжалды көрген ересек адам айғайлағанда үшеуі жан-жаққа қашып кетті.