Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді

Көлік жүктемесін төмендету мақсатында 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бүкіл бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде „Сергек“ камераларымен автобус жолақтарында қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды

Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді
Астана әкімдігі
461

Астанада кептеліске байланысты автомобильдерге автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді. Астана әкімдігі осындай хабарландыру жасады, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жолдың жүру бөлігіне асфальт төселіп, жол белгілері қойылуына байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бүкіл бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде „Сергек“ камераларымен автобус жолақтарында қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, сапар алдында оны ескеруді сұрайды.

Өз қауіпсіздігіңіз үшін жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін ескеріп, өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - дейді әкімдіктен. 

Серіктес жаңалықтары