«Зор жетістік»: Мемлекет басшысы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Тоқаев Үндістанда шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

«Зор жетістік»: Мемлекет басшысы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады
Қазыбек Нөгербек. Фото: kazchess.kz
348

Мемлекет басшысы Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары