Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметі жайлы пікір білдірді

Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметі жайлы пікір білдірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасына жазды.

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ — негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз, – деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұрынғы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны жайлы жазған болатынбыз.