Блогер Айжұлдыз Адайбекова жасырып келген сүйіктісін көрсетті

Айжұлдыз көпке дейін сүйіктісін жасырып келген болатын.

Блогер Айжұлдыз Адайбекова жасырып келген сүйіктісін көрсетті
Сурет: inbusiness.kz

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова өзінің әлеуметтік желісінде көпшіліктен жасырған сүйіктісін көрсетті. Актрисаның таңдауы, саяхатшы-блогер Сәкен Кагаровқа түскен, деп хабарлады turkystan.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 

“Енді жасырудың қажеті жоқ”, – деп жазды блогер-актриса.

Айжұлдыз көпке дейін сүйіктісін жасырып келген болатын. Алайда оқырман қауым блогер жігітті қолындағы тыртығынан танып қойған еді.

Бүгінде оқырман қауым сүйікті жұбына бақыт тілеп, қатты қуанып жатқандарын жеткізді. Арасында танымал өнер жұлдыздары да жаңа жұпқа махаббат тіледі.

“Бірі – батыр, екіншісі – өнер. Қасиеттері қуантар, қанат бітірер жұп болыңдар”, – деп жазды Дина Төлепберген. “Қыранның шәкірті емес екен. Бұл жігіттің мобилографқа қатысы жоқ. Велошабандоз, яғни, экстрим-блогер”, “Бақыт құшағында екеуі”, “Қыраннан кеткенің дұрыс болды. Ол өзі сияқты біреуді тауып алыпты”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жазды оқырман қауым.