Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен рейтингілік турнирде бүгін, жарыстың соңғы күнінде қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп жазады turkystan.kz.
Ел құрамасынан Демеу Жадраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) және Шамиль Ожаев (87 келі) боз кілемге шығады.