"Комикске деген құштарлық": Жапонияда сот әріптесіне күш көрсеткен ер адамды жазадан босатты

Оның "комикске деген құштарлығы" жазасыз қалуына себеп болған.

"Комикске деген құштарлық": Жапонияда сот әріптесіне күш көрсеткен ер адамды жазадан босатты
сурет: istockphoto.com
437

Жапонияда сот әріптесіне күш көрсеткен ер адамды жазадан босатты. Оның "комикске деген құштарлығы" жазасыз қалуына себеп болған. Бұл туралы kyoto-np.co.jp жергілікті басылымы хабарлады. 

50 жастағы заң бюросының қызметкері әріптесі Жапонияда танымал манганың (жапон комиксі) жаңа тарауының қалай аяқталатынын айтып қойғанда, өз-өзін ұстай алмай қалған. Оның қатты ызаланғаны соншалық – әріптесін кеудесінен теуіп жіберген.

Сот бұл әрекетті комикстерге деген құштарлықтың көрінісі деп шешіп, оны жауапқа тартудан бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары