736
Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың әйелі күйеуі соққыға жыққан видеосын жариялады (ВИДЕО)
Елші кеңесшісінің үстінен "азаптау" бабы бойынша іс қозғалды
Әлеуметтік желіде БАӘ елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелі Карина Мамаштың соққы алған кадрлары пайда болды.
Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен көрген зорлық-зомбылығын видеомен дәлелдеді.
«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», – деп видео түсірген ол.
Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен "азаптау" бабы бойынша іс қозғалды