«Келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көп»: Нұрлан имам отбасы тыныштығын сақтаудың жолын айтты

Танымал имам әлеуметтік желіде отбасы мүшелері арасындағы мәселе жайлы айтып берді.

«Келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көп»: Нұрлан имам отбасы тыныштығын сақтаудың жолын айтты
Сурет: Жеке мұрағат
525

Нұрлан имам қазақ қоғамындағы ене мен келін қарым-қатынасы жайлы айтты. Сондай-ақ ол екі тарапқа да қатаң ескерту жасаған, деп жазды turkystan.kz.

«Қазіргі жылап жүрген көп келіннің тағдырына енелері араласқан. Көп енелердің келінге қиянаты тиген. Балалардың отбасына кірісіп, ыдыс-аяққа араласып, туысқандарға жамандайды. Сөйтіп келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көбейіп бара жатыр. Балаңызды тым қатты жақсы көрсеңіз де оны түбі сіз бақпайсыз. Келінін 3-4 баламен қаңғытып жіберетін енелер де бар. «Бала белде, қатын жолда» деген ақымақ сөздері бар. Осылай біреудің обалына қала берген дұрыс па? Балаңызды жақсы көріңіз. Бірақ оны келіннен қызғанып, дұшпан қылып аласыз. Құдай да сізді сол келіннен қолына сүмірейтіп қаратып қояды. Сондықтан жамандамаңыздар. Одан келін өзгермейді. Жақсы келін қалайсыз ба, жақсы ата-ана бола біліңіз. Маған келетін хаттарды қарап отырсақ, жылаған, боздаған, қайғырған келіндер көп. Сөздің соңы келінге міндеттісің деуден арылыңыз. Ешкім ешкімге міндетті емес», - дейді имам.

Сонымен қатар ол енелерге келінді тәрбиелемеуді және оған ақыл айтуды қою керектігін айтты. Ал кейбір кезде келіндерде де кінә болатынын атап өтті.

«Келіндерге де айтарым бар: тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпеуі керек. Таяқтың екі жағы бар. Келіндерден де бар кішкене. Тырнақты өсірген кезде мына тілді де өсірмеңіздер. Мінезді де басуға тырысыңыздар. Содан кейін жігітке де айтқым келеді. Таңдап алған әйеліңізді ешкімге жығып бермеңіздер», - дейді Нұрлан имам.

Серіктес жаңалықтары