Олимпиадаға іріктеу турнирі: бүгін үш боксшымыз рингке шығады

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар

Олимпиадаға іріктеу турнирі: бүгін үш боксшымыз рингке шығады
boxingkazakhstan

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 1 маусымда қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, ел құрамасынан 1/8 финалда Валентина Хальзова (75 келі) сағат 12:15-те моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен кездеседі.

Ал 16:30-да 1/8 финалда Назым Қызайбай (50 келі) ұлыбританиялық Саванна Стублеймен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 18:45-те Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бесінші жолдама үшін колумбиялық Хосе Мануэль Виафарамен қолғап түйістіреді. Бұл жұптың жеңімпазы Александру Параскив (Молдова) пен Эмилио Гарсия (АҚШ) жұбының жеңімпазымен жолдаманы сарапқа салады. 

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.