«Әкем қой бағасың деді»: Сейфуллин Жолбарыс өнерге қалай келгенін айтты

Әншінің өнерге жолын таңдауына әкесінің сөзі әсер еткен.

«Әкем қой бағасың деді»: Сейфуллин Жолбарыс өнерге қалай келгенін айтты
Сурет: https://tolqyn.kz
829

Өнер иесі шығармашылық жолы жайлы "Оян" бағдарламасының тізгіншілеріне айтып берді, деп жазды turkystan.kz порталы smartnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сейфуллин Жолбарыстың сөзіне қарағанда, оның алғаш үйренген аспабы – домбыра.

"4-сыныптан бастап домбыра үйірмесіне қатыстым. Содан кейін 5-сыныпта қайта-қайта барып, ансамбль ойнап жатқан есікті ашады екенмін. Сонымен гитараға ауыстым. Одан кейін өзімнің мектеп ансамблім болды. Өзім соның жетекшісі болдым. 6-7-сыныптан бастап музыкант боламын деп, сол жолды таңдадым", – деді ол.

Сазгер музыкаға бет бұрғанда әкесі қатаң ескерту жасағанын есіне алды.

"Музыкалық колледжге, біздің кезіміздегі училищеге түсетін кезде әкем "Мен апармаймын, бірақ оқуға түспесең, қой бағасың" деді. Қорқыныш болды, бастысы, қой бақпау керек. Солай музыкалық училищеге түстім. Қалған тәжірибенің бәрі сол жақтан келді", – деді Сейфуллин Жолбарыс. 

Серіктес жаңалықтары