Алматыда Орталық Азия сарапшылары климаттың өзгеруі мәселелерін талқылап жатыр

Орталық Азия өңірінде судың жеткіліксіздігі, жердің тозуы мен табиғи апаттармен байланысты климатөзгеруінің әсері тереңдеп келеді.

Алматыда Орталық Азия сарапшылары климаттың өзгеруі мәселелерін талқылап жатыр
сурет: turkystan.kz
675

Алматы қаласында өтіп жатқан Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Орталық Азия конференциясында (КӨОАК-2024) Орталық Азия елдерінің делегациялары мен халықаралық сарапшылар су және жер ресурстарын тұрақты басқару, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылық саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салуда.

Қазір Орталық Азия өңірінде судың жетіспеушілігі, жердің тозуы мен табиғи апаттармен байланысты климат өзгеруінің әсері тереңдеп келеді.

КӨОАК-2024 климаттың өзгеруі мен трансшекаралық климаттық сын-қатер мәселелерін шешудегі өңірлік ынтымақтастық тыңартықшылықтарын талқылау мен көрнекі түрде көрсетуге арналған жыл сайынғы диалог алаңына айналды. Конференцияға жыл сайын Орталық Азия елдерінің жауапты министрліктері, халықаралық ұйымдар, азаматтықсектор, ғылыми және академиялық қоғамдастық, бизнес пен БАҚ өкілдерінің 400-ден астам өкілдері жиналады. 

Қатысушылар ОА елдерінің климаттық міндеттемелерді орындаудағы прогресті, проблемалар мен ағаттықтарды,көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, жасылауысу мен қауіпсіздік мәселелерін, климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттар қаупін азайту мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылайды. Талқылау күн тәртібі сондай-ақклиматтың өзгеруіне бейімделу саласындағы өңірлікүйлестіру мен ынтымақтастық бойынша қолда бар платформалар мен әлеует мәселелерін де қамтиды.

«Өңірдің аграрлық экономикасын, ескірген инфрақұрылымын және халқының жылдам көбеюін ескерсек, Орталық Азия шапшаң өзгеретін климаттың жағымсыз әсерлеріне осал екендігін көреміз. Сол себепті энергетика мен су ресурстарын басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, климаттың өзгеруіне бейімделу тәсілдерін жақсарту қажеттілігі айқын. Бұл конференцияның мақсаты – өңірдің өзгерістерге төтеп беру қабілетін арттыру жолында осы ынтымақтастықты күшейтуге ықпал ету», – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының (ОААЭО) атқарушы директоры Зафар Махмудов.

Конференция қатысушылары сондай-ақ климаттық қаржыландыру мәселелеріне, атап айтқанда, климаттық мақсаттарға жету мен өршіл міндеттерді жүзеге асыру үшін маңыз санайды.

Қаржыландыру көлемін қамтамасыз ету, ұтымды басқару және салықтық-бюджеттік саясат мәселелеріне елеулі назарбөліп отыр.

«Климаттың өзгеруі – қауырт мәселе және Орталық Азия елдері оны тек бірлесіп шеше алады, «Жасыл» саясатты қабылдау мен іске асырудан бастап жасыл қаржыландыруды және жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ілгерілетуге, ауыл шаруашылығын оңтайлы жүргізу мен табиғи ресурстарды басқаруға дейінгі мәселелердің кеңауқымын бір мезгілде шешу қажет. Біз талдамалы жұмыстардың нәтижелері мен ұсынымдармен бөлісу жолымен, сондай-ақ Орталық Азия халқының мүделерін көздейтін негізгі инвестициялық жобаларды іске асыруғаарналған қаржыландыруды ұсыну жолымен елдердің Үкіметтерімен қоян-қолтық жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Дүниежүзілік банкті Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова.

«Климаттың өзгеруіне бейімделудің аймақтық стратегиясынқабылдаған Орталық Азия өңірі әлемнің көптеген басқаөңірлерінен бір қадам алда. Бұл өңірде күннен-күнгекүшейіп келе жатқан климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның әсерін азайтуға бағытталған ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтуға жәрдемдеседі. Елдердің осы бірлескен күш-жігері Арал теңізі бассейнінің бүкіл халқы үшін жемісті болатынына сенімдімін», – деп атап өтті«Жасыл Орталық Азия» бағдарламасының жетекшісі Каролина Милов (GIZ, Германия Халықаралық ынтымақтастық корпорациясы).

Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциямен бір уақытта Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстанмен Өзбекстаннан жиналған контентмейкерлер мен журналистерді оқыту бағдарламасы өткізіліп жатыр. Бұлбастама CAWEP пен PROGREEN жобаларының қолдауымен жүзеге асырылып, климаттың өзгеруіне байланысты проблемалар туралы хабардарлықты арттыруға және БАҚ өкілдерінің әлеуетін нығайтуға бағытталған. Оқыту барысында тренинг қатысушылары өңірдегі проблемалар мен ықтимал шешімдерді көпшілікке тиімді түрде жеткізу үшін конференцияға қатысушы өңірлік сарапшылармен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Конференция қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылмақ.

Серіктес жаңалықтары