Алматыда жаңа дәмхананың ашылуында тегін тамаққа таласқан жұрт бір-бірін таптап кете жаздаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шарада жиналғандарға тегін торт пен суши таратылған.
Желіде жария болған видеода ұйымдастырушылар әуелі ұзын үстелге торт қойып, алып шыққан. Олар кезектің алдында тұрған балаларға торт тілімдерін ыдысқа салып берген. Алайда артта тұрған қауым оларды күшпен ығыстырды. Ақыр соңында тамаққа талас басталып кеткен. Қалың топтың ішінде кішкентай балалар да бар.
Көпшілік оларды сынап жатыр.
«Мұндай нәтижесі алдын ала белгілі акцияларды не үшін өткізеді өзі?», «Бір қателікті қайталайды. Қазақстанда мұндай нәрсе жасауға болмайды», «Балалар түсінікті, ал ересектер не істеп жүр онда?», «Осындай шараларды не үшін өткізеді? Назар аударту үшін бе?», «Біздің елде тегін тамақ таратуға болмайды. Құдаай сол тортты күнде жеп жүрген адамдар ғой»,
«Қарауға ұят», «Африкада осылай істемейді ғой. Ретімен,шетімен алады. Біздікілердай осы түк көрмеген», - деді елі қолданушылары.