Ақтаудағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Ақтаудағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтаудағы газ жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жарылыс фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы – “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні сағат 09:03-те Ақтаудағы 32В шағынауданындағы “Асия” тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ баллоны жарылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары