Ақтөбеде екі жасөспірім төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұққан

/
Ақтөбеде екі жасөспірім төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұққан
istockphoto.com

Шалқарда жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген күдікке тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірім ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», – деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті профилактикалық есепке қойылды, іс аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралады.

Бұған қоса, күдіктінің ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары