1056
Мақпал Исабекова шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова түсік тастау қаупі бар деген болжаммен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық SuperStar KZ жобасының бұрынғы қатысушысының бұл екінші жүктілігі. Ол 2022 жылы тұңғышын дүниеге әкелген. Ол кезде ол 38 жаста болатын. Балаға Теодор деп ат қойған еді. Әнші екінші баласын асыға күтіп жүргені туралы бұған дейін жазған еді.
Оның айтуынша, дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін барлық жағдайды жасап жатыр.