Әнші Бауыржан Исаев шығармашылығына ресми түрде шектеу қойылғанын айтты

2000 жылы әншінің шығармашылығына ресми түрде шектеу қойылған болып шықты.

Әнші Бауыржан Исаев шығармашылығына ресми түрде шектеу қойылғанын айтты
Сурет: otyrar.kz

"ХабарLike" бағдарламасына қатысқан әнші Бауыржан Исаев сахнадан көрінбей кетуінің себебі жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған болатын. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осы бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірде облыстық әкімдерге хабарласып, менімен жұмыс істемеуді бұйрық ретінде шығарған болатын. Cол үшін мені концерттерге шақыруды қойды, одан бөлек бүкіл Қазақстандағы радиолардан, теледидардан менің әндерімді, бейнебаяндарымды алып тастаған", - деді Исаев.