«Қыздар, ертерек тұрмыс құрыңдар»: Ләйлә Сұлтанқызының сөзі оқырмандарына ұнамай қалды (ВИДЕО)

Ләйлә Сұлтанқызы көпшіліктің наразылығын тудырған кеңесіне қатысты пікір білдірді.

«Қыздар, ертерек тұрмыс құрыңдар»: Ләйлә Сұлтанқызының сөзі оқырмандарына ұнамай қалды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзі
1119

Танымал тележүргізуші жақында Айнұр Ілиясованың шақыруымен, @momskiy_angime подкастында қонақ болған, деп жазды turkystan.kz.

«Подкаст кеше @momskiy_angime YouTube арнасына шықты. Оқырмандардың жазған пікірін көріп, бір «әу» деп қойғаным жөн деп шештім? Біраз жанға «Қыздар, мүмкіндік болса ертерек тұрмыс құрыңдар, бала босанудан қашпаңдар» деген сөзім ұнамапты. Бұл жерде негізі стереотиптің дым қатысы жоқ. Мәселе ақыл үйретіп, біреудің жеке өмірін реттеп, сынауда да емес еді. Жай ғана репродуктология жағын уайымдап, айтқан кеңесім еді. Себебі, соңғы жылдары эко тақырыбын көтеріп, зерттеп жүрген адам ретінде бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін жақсы білемін. Иә, «қашан?» деген сұрақтың жүрекке салар уайымы ауыр. Кезінде өзімнің де «қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақтан жүйкем тозған. Бұл подкастқа көрермен болып келіп, бізді тыңдаған әр жан, біздің өмірлік оқиғамыздан сабақ алып, ой түйсін деген ниет қана», - деп жазды тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары