Түркістан облысында тау бөктеріне шыққан ер адам қайтыс болды

Оқиға Төле би ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі тау бөктерінде болған.

Түркістан облысында тау бөктеріне шыққан ер адам қайтыс болды
Сурет: qazaly.kz
873

Төле би ауданында тауға демалуға барған ер адамның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, демалуға барған бір топ азаматтың бірі, 1973 жылғы ер адам кенет өзін нашар сезіне бастаған.

Жүрек тұсының қатты ауырып тұрғанын айтқан оған дереу жедел жәрдем шақырылған. Алайда ол медициналық көмек жеткенше жан тапсырған. Тиісті тексерулер жүріп жатыр.

Кейбір мәліметке сүйенсек, қайтыс болған азамат Шымкент қаласының тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары