Үндістанның Чхаттисгарх штатында қабылан тұрғын үйге кіріп, бір отбасының алты мүшесін жарақаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға кезінде жыртқышпен алғаш болып 55 жастағы Уттарибай Ядав кездескен. Әйел далаға шыққан сәтте қабылан оған тап берген.
Бұдан кейін жануар үйге кіріп, отбасының өзге мүшелеріне де шабуыл жасаған.
Үйдегілер қабыланды бөлмелердің біріне қамап, өздері сыртқа шығып үлгерген. Кейін полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көмекке шақырған.
Оқиға орнына келген мамандар бірнеше сағаттан кейін жыртқышты ұстап, қауіпсіз жерге алып кеткен.
Қабыланның шабуылынан алты адам зардап шегіп, барлығы ауруханаға жеткізілді. Үш адамның жарақаты ауыр болғандықтан, олар ем алу үшін штат астанасындағы медициналық мекемеге ауыстырылған.