Қазақтар Ұлыбританияда өткен шоуда қазыларды таңғалдырды (ВИДЕО)

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Жанұзақ Батыр, Марлен Маратов, Дигарбекова Зарина «Баспалдақ» нөмірімен танымал британдық «Britian’s Got Talent» реалити-шоуында өнер көрсетті.

Қазақтар Ұлыбританияда өткен шоуда қазыларды таңғалдырды (ВИДЕО)
видеодан алынған скриншот

Отандастарымыз Britai’s Got Talent (“Британия талант іздейді”) телешоуына қатысып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Шоуда қазылар алқасы мен көрермендер алдында өнер көрсетіп жатқан үміткерлер қомақты ақшалай сыйлық пен “Royal Variety Performance”-да өнер көрсету мүмкіндігін ұтып алу үшін барын салып жатыр. Сайыста барлық жастағы және түрлі мамандық өкілдері бір-бірімен бәсекеге түсуде. Алматы циркінің әртістері аталмыш шоуға Қазақстанның атынан бірінші болып қатысуда және олар 2-ші кезеңге жолдама алды. Енді біздің әртістер келесі турда бақ сынайды.