«Келіншегі бір бүйрегін берген»: Елордалық азамат Ләйлә Сұлтанқызына сырын ақтарды

Тележүргізуші оқиғаның басты кейіпкерін Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды.

«Келіншегі бір бүйрегін берген»: Елордалық азамат Ләйлә Сұлтанқызына сырын ақтарды
Видеодан алынған скриншот
1123

Елордалық азаматқа әйелі бір бүйрегін берген. Осындай оқиға жайлы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде баяндап берді, деп жазды turkystan.kz. 

"Осы іс-шараға көмектесуге келген жігітпен таныстырсам деп отырмын. Есімі - Бекболат. Осыған дейін әріптесім Ерқанат Көпжасар сюжет әзірлеп, деректі фильм түсірген екен. Бұл кісіге келіншегі бір бүйрегін берген", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Астаналықтың азаматтың ота жасатқанына 4 ай болған. 

"Гемодиализден құтылғаныма 4 ай болды. Келіншегімнің есімі - Сәбира. Қазір үш қызымыз бар. Мұны екінің бірі істей бермейді. Келіншегімнің ісі - нағыз ерлік. Әйеліме өмір бойы риза болып өтемін. Әке-шешесіне осындай қызды тәрбиелеп, менің тағдырыма жолықтырғанына алғыс айтамын. Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар", - дейді Бекболат. 

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, жергілікті тұрғынға әйелінің бүйрегі 86 пайыз сәйкес келген. 

"Ағамның бүйрегі 45 пайыз сәйкес келді. Ол өз денсаулығына байланысты донор бола алмады. Кейіннен донор таппай, ұзақ жүрдік. Келіншегім негізі 2020 жылы осы ауруды естіген кезде бүйрегін беруге келіскен. Бірақ үлкендер бір отбасынан екі мүгедек болмасын деген ниетпен қарсылық танытқан еді. 

Бұл ауру бір жағынан емделгенімен, екінші жағынан шаршатады. Осы уақытқа дейін жүрегім ауырып, екі рет ауруханаға жатып шықтым. Содан келіншегім үлкендерді тыңдамай, бүйрегін беру туралы шешім қабылдады", - деді Бекболат есімді азаматтың өзі.

Серіктес жаңалықтары