Ердоған Израильмен сауда-саттықты тоқтататынын мәлімдеді

Ол Стамбулда журналистер алдында сөз сөйлеп, Тель-Авив "40-45 мың палестиналықты өлтіргенін", ал түрік билігі мұсылман ретінде "жай ғана бақылап отыра алмайтынын" айтты.

Ердоған Израильмен сауда-саттықты тоқтататынын мәлімдеді
сурет: AFP / Adem Altan
2476

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильмен сауда айналымы тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы bloomberg.com жазды. Ақпаратты Израиль СІМ растап, Ердоғанды халықаралық келісімдерді бұзды деп айыптады.

Ол Стамбулда журналистер алдында сөз сөйлеп, Тель-Авив "40-45 мың палестиналықты өлтіргенін", ал түрік билігі мұсылман ретінде "жай ғана бақылап отыра алмайтынын" айтты.

Біз шара қабылдауға және қажет қадамды жасауға мәжбүр болдық. Біздің сауда айналымымыз 9,5 миллиард доллар болған, қазір біз оны тоқтаттық, - деді Түркия президенті.

Ердоған Израиль билігін үлкен соғысқа апарып соғуы мүмкін іс-әрекетін бірнеше рет айыптады. Сәуір айында Анкара Газа секторындағы соғыс қимылдарына байланысты Израильге экспортты шектеген еді. 

Серіктес жаңалықтары