Алматы облысында мейрамхана өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысында мейрамхана өртенді
ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жалын тек қоймаларды ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы сауда орындарын да шарпыды.

«Өрт сөндірушілер келісімен ауа-газ қоспасының екі тарсылын естіді. Сондықтан өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары өрттің таралуына жол бермей, ошақтан көлемі 50 литр 3 газ баллонын алып шықты», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт толығымен сөндірілді. Оның ауданы 165 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.