Бағдат Мусин министр қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдат Мусин министр қызметінен босатылды
сурет: gov.kz
1433

 

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. 2004 ж. С.Демирель университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

«NAT» АҚ, «Ізет» ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007);

«AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007);

Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010); 

Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары  (04.2010-04.2011);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014);

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (04.2014-08.2014);

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (08.2014-01.2017);

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018);

Bi Group құрылыс холдингі Басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019);

IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020);

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі  (03.2020-07.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (02.09.2020 бастап).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, атақтары:

Медальдар: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР БП ҚСАЕАК органдарына 20 жыл», "Құрмет" ордені.

 

Серіктес жаңалықтары