Балқаш қаласының маңында қамыс алқабы өртеніп жатыр

Айналаны қараңғы басқандықтан қамыс өртін сөндіру тоқтатылды. Өрт сөндіру жұмыстары таңертең жалғасатын болады.

Балқаш қаласының маңында қамыс алқабы өртеніп жатыр
Сурет: egemen.kz
912

Қарағанды облысының құрамына кіретін Балқаш қаласынан 5 км қашықтықта (Ақтоғай ауданы) Балқаш көлінің жағалау сызығы бойында орналасқан Сарышаған шығанағы аумағында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

"Өртті жоюға облыстың ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", -  деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары