"Кедей болу – қиын": АҚШ-та миллионер өзін сынап көру үшін бар байлығынан бас тартқан

Осылайша, ол бір аптада 300 доллар тапқан, ал 10 айдан кейін өзінің кофе брендін шығарыпты.

"Кедей болу – қиын": АҚШ-та миллионер өзін сынап көру үшін бар байлығынан бас тартқан
сурет: mirror.co.uk

АҚШ-та Майк Блэк есімді миллионер ісін нөлден бастап, бір жыл ішінде 1 миллион доллар тауып көру үшін бар байлығынан бас тартқан. Бұл туралы mirror.co.uk жазды.

Бірақ бәрі жоспарға сәйкес болмаған. Майк Блэк мынадай тұжырымға келді: кедей болу қиын. Сіз үнемі түнейтін жер мен тамақ іздеуіңіз керек. Осылайша, ол бір аптада 300 доллар тапқан, ал 10 айдан кейін өзінің кофе брендін шығарыпты. 
 
Майк денсаулығына байланысты 1 миллион долларға жете алмады. Ол осы уақыт ішінде дәрігерге жасырын барғанын мойындады.